Елші «Жаңа Ташкент» қаласының құрылысы дирекциясына барды

Елші «Жаңа Ташкент» қаласының құрылысы дирекциясына барды

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов «Жаңа Ташкент» қаласының құрылысы дирекциясына барып, Дирекция директоры – Өзбекстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Министрінің орынбасары Давронжон Адиловпен кездесу өткізді.

Дирекцияға бару барысында Елші Жаңа Ташкент қаласын дамыту тұжырымдамасымен, негізгі құрылыс және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қаланы одан әрі дамытудың перспективалық жоспарларымен танысты.

Заманауи қала құрылысы шешімдеріне, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, энергия тиімді және цифрлық технологияларды енгізуге, сондай-ақ жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Тараптар құрылыс, сәулет және қала құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ «ақылды қала» технологияларын қолдану салаларындағы қазақ-өзбек ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыру, қазақстандық компаниялардың Жаңа Ташкенттің перспективалық жобаларына қатысу мүмкіндігін пысықтау, сондай-ақ жақын арада Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан құрылыс форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1304335?lang=kk