«БОРЫШКЕР» БІРЛЕСКЕН РЕЙДІК ІС-ШАРАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«БОРЫШКЕР» БІРЛЕСКЕН РЕЙДІК ІС-ШАРАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының Әділет департаментінде «Борышкер» бірлескен рейдтік іс-шарасын өткізуге дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің автокөлік құралдарын анықтау және ұстау, сондай-ақ салық түсімдерін мемлекеттік кіріске өндіріп алу бағытындағы жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды.

Аталған бағыттар бойынша Әділет департаментінің, прокуратура, полиция, мемлекеттік кірістер органдары және Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өзара іс-қимыл тәртібі талқыланып, рейдтік іс-шара барысында атқарылатын міндеттер пысықталды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1304262?lang=kk