АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ» АТАП ӨТІЛДІ

АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ» АТАП ӨТІЛДІ

АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ» АТАП ӨТІЛДІ

Жыл сайын 1 қазанда әлемде Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл күн – қарияларымыздың еңбегін ұлықтап, олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесін бағалайтын ерекше мереке. Қарияларға құрмет көрсету – жас ұрпақтың парызы.

Ауыл әкімі Ж.Байкөбеков қарияларға және ақ жаулықты апаларға ұзақ өмір, зор денсаулық, амандық пен отбасылық жылулық тіледі. Сондай-ақ, әкімшілік атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» демекші, қазыналы қарияларымыздың өмір жолы мен еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

🤲 Қарияларымыздың дені сау болып, асыл сөздері мен ақ баталары ұзақ жасасын!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-achisai/press/news/details/1304215?lang=kk