Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен жарыс жалғасып жатыр.
50 келідегі Зейнеп Баянова 3-орын үшін өткен белдесуде Үндістан балуаны Дипаншидың жауырынын жерге тигізіп, таза жеңді.
Бүгінгі жарыс күнінде 23 жастағы жерлесіміз Мунхар Биамбасуренді (Моңғолия) 8:4 есебімен, Миран Чеонды (Оңтүстік Корея) 7:3 есебімен жеңіп, жартылай финалда басты фаворит саналған Юи Сусакиге (Жапония) 0:4 есебімен жол берген болатын.
ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ: ЗЕЙНЕП БАЯНОВА АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm;sport/press/news/details/1303978?lang=kk