«Кітап оқитын ұлт» атты шара өтті
Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде кітап оқуды насихаттауға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Кітап оқитын ұлт» атты шара өтті.
Шараны Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары ұйымдастырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен оқудың пайдасы туралы ой бөлісті.
Кездесу барысында «Адал азамат» концепциясы аясында білімге ұмтылу, рухани даму, жауапкершілік пен мәдениетті қалыптастырудың маңызы атап өтілді.
"Адал азамат"ілгерлету мақсатында іс - шара өтті
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1303787?lang=kk