Қала мектептері мен балабақшаға Қоғамдық бақылау

        2026  жылдың 01 қазанында Аягөз аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Н.Сыздықов және  Қоғамдық кеңес жұмыс тобының мүшелері  Н.Сильчукова және Р.Нурсултанова қаламыздағы жалпы білім беретін  №1, №2, №4,  №6,   мектептерін және №2 бала – бақшаны арлап шықты. Жұмыс тобының мүшелері жоғарыда аталған мектептердің және бала-бақшаның асханаларын, ас мәзірін және тазалық бөлмелерінің (әжетхана) жағдайымен  танысып қайтты.

          Сонымен қатар,  мектептер мен балабақша ас мәзірі және тазалық бөлмелері  бойынша мекеме әкімшілігіне   ұсынымдар айтылып, кішігірім  ескертулер жасалды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagosmaslihat/press/news/details/1303551?lang=kk