Жаңақала аудандық мәслихат депутаты М.Жумалиевтің жеке қабылдауы өтті

Жаңақала аудандық мәслихат депутаты М.Жумалиевтің жеке қабылдауы өтті

2026 жылғы 17 қыркүйекте Жаңақазан ауылдық округінде Жаңақала аудандық мәслихатының депутаты Жұмалиев Марс Такесұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға Аубекеров Кенжебек, Жұбантаев Горький бастаған ауыл тұрғындары қатысты. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жұмыспен қамту, Жаңақала - Жаңақазан бағытындағы жолды тегістеу және өзге де әлеуметтік мәселелер көтерілді. Аталған мәселе бойынша жолды қырғызу жұмыстары жауапты мекемеге тапсырылып, азаматтарды жұмыспен қамту бағытындағы өтініштер бойынша байланыс орнатылып, мәселе депутаттың жеке бақылауына алынды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhangala-maslihat/press/news/details/1303233?lang=kk