«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»
Шымкент қаласында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында отбасындағы жанжалдардың алдын алуға, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын отбасындағы зорлық-зомбылық фактілеріне немқұрайлы қарамауға шақырады.
Егер зорлық-зомбылыққа немесе құқық бұзушылыққа куә болсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.
Қауіпсіз қоғам құру – баршамызға ортақ міндет.
«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1303078?lang=kk