ЫМДАУ ТІЛІ ҚЫЗМЕТІ

ЫМДАУ ТІЛІ ҚЫЗМЕТІ

Ымдау тілі қызметі медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ымдау тілін меңгерген адамдарға көрсетіледі.

Аталған қызметке қажеттілік туындайтын негізгі жағдайларға:
– саңырау-мылқаулық;
– есту аппаратымен протездеуге келмейтін абсолютті кереңдік;
– есту қабілетінің IV дәрежелі төмендеуі;
– есту аппаратымен протездеуге келмейтін есту қабілетінің бұзылыстары;
– көмей болмаған кездегі моторлық афазия жатады.

Сонымен қатар, қызмет көрсетуге бірқатар қарсы көрсетілімдер бар.

Оларға бактерия бөлінуімен жүретін туберкулез, тері мен шаштың инфекциялық аурулары, жыныстық жолмен берілетін аурулар, сондай-ақ психикалық бұзылыстар жатады.

Ерекше жағдайларға невроздар және неврозға ұқсас жағдайлар, ақыл-ой кемістігінің жеңіл дәрежесі, сондай-ақ сирек ұстамалармен жүретін әртүрлі этиологиядағы құрысу синдромдары жатады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1303036?lang=kk