Кеңес өткізу туралы

Кеңес өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық бөлімшелердің қатысуымен онлайн-кеңес өткізді.

Кеңес барысында күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

* 2026 жылдың II жартыжылдығында денсаулық сақтау объектілеріне ерекше бақылау шеңберінде жүргізіліп жатқан тексерулердің барысы, сондай-ақ аталған тексерулер шеңберінде зертханалық мониторинг жоспарының орындалуы;
* аудандық және қалалық комиссиялардың берілген медициналық қарсы көрсетілімдердің негізділігін қарау жөніндегі жұмысы;
* 2026–2027 жылдардағы ЖРВИ мен тұмаудың алдағы эпидемиялық маусымына дайындық барысы.

Кеңес барысында аумақтық бөлімшелердің ағымдағы қызметінің жай-күйі талқыланып, қосымша назар аударуды талап ететін мәселелер мен проблемалық бағыттар айқындалды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1302872?lang=kk