Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 65-ші сессиясы өтті

Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 65-ші сессиясы өтті

2026 жылдың 1 қазаны күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 65-ші сессиясы өтті. Отырыс аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Болысбекұлы Көкрекбаевтың төрағалығымен өтті.

Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Доғдырбайұлы Байарыстан, тиісті аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 11 мәселе қаралды. Маңызды сұрақтардың қатарында:

1.«2026-2028 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №53-2 шешіміне өзгерістер енгізу;

2.Аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссиялар құрамын бекіту және оларға өзгерістер енгізу.

Күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер депутаттар тарапынан егжей-тегжейлі талқыланып,  тиісті шешімдер қабылданды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-merke/press/news/details/1302822?lang=kk