Миф пе, әлде шындық па? Құрғақ шөпті жағу табиғаттың жаңаруына көмектесе ме?

Миф пе, әлде шындық па? Құрғақ шөпті жағу табиғаттың жаңаруына көмектесе ме?

❌ МИФ!

Құрғақ шөпті өртеу экожүйені жаңартпайды. Керісінше, табиғатқа елеулі зиян келтіреді.

- Топырақтың құнарлылығы төмендейді
Өрт топырақтағы пайдалы микроағзалар мен табиғи органикалық заттардың жойылуына әкелуі мүмкін.

- Жануарлар мен құстар зардап шегеді
Жәндіктер, ұсақ жануарлар, құстардың ұялары мен тіршілік ету ортасы жойылады.

- Өсімдіктер дүниесіне зиян келеді
Өрт өсімдіктердің табиғи алуан түрлілігіне кері әсер етеді.

- Ауа ластанады
Шөптің жануы түтін мен зиянды бөлшектердің бөлінуіне себеп болады.

- Өрттің таралу қаупі артады
Бақылаусыз жағылған құрғақ шөп орманға, далаға және жақын орналасқан елді мекендерге тарауы мүмкін.

Табиғатты жаңартудың ең дұрыс жолы — оны өртеу емес, қорғау.

Табиғат — баршамызға ортақ.
Құрғақ шөпті жақпайық, өрт қауіпсіздігін сақтайық!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1302798?lang=kk