Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырысы өтті

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырысы өтті

2026 жылғы 28 қыркүйекте Абай облысы әкімінің орынбасары М. Рахановтың өндірістік жарақаттану мәселелерін қарау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Т. Б. Әміртаев қатысты.

Күн тәртібінде «Востокцветмет» ЖШС — Орловка өндірістік кешеніндегі ағымдағы жылғы өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы мәселе қаралды.

Осы мәселе бойынша «Востокцветмет» ЖШС — «Орловка өндірістік кешені» филиалының өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы А. М. Бексейітов негізгі баяндама жасады.

Бейнеролик сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/media/details/89312?lang=ru

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1302776?lang=kk