Қауіпсіздік сабағы – өмірлік сабақ!

Қауіпсіздік сабағы – өмірлік сабақ!

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушыларымен арнайы профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында балаларға: - өрт кезіндегі дұрыс әрекет ету; - улы газдан уланудың алдын алу; - терезеден құлап кетудің алдын алу және қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, төтенше жағдай кезінде не істеу керектігі туралы пайдалы ақпарат алды. Бір минуттық сақтық – бір өмірді сақтап қалуы мүмкін!  101 – Өрт сөндіру қызметі  112 – Бірыңғай құтқару қызметі

Жамбыл облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1302765?lang=kk