Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Үздік библиограф-2026» облыстық байқауы өтті

Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Үздік библиограф-2026» облыстық байқауы өтті

Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында кітапхана мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеті мен ізденісін қолдау мақсатында «Үздік библиограф-2026» облыстық байқауы өтті.

Байқауға Жетісу облысының әр ауданынан 8 библиограф маман қатысып, өздерінің кәсіби білімі мен біліктілігін, шығармашылық ізденісі мен шеберлігін ортаға салды. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, библиографиялық жұмыстарын таныстырып, кәсіби тапсырмаларды орындау барысында өз тәжірибелері мен тың идеяларын көрсетті.Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер қатарында:

І орын – Заманбек Шынар Мұратқызы (Ақсу ауданы);

ІІ орын – Идрис Назым Алиасқарқызы (Сарқан ауданы);

ІІІ орын – Жүнісова Мақпал Нұрымқызы (Кербұлақ ауданы).

Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар байқауға белсенді қатысқан мамандарға алғыс білдіріліп, кәсіби еңбектеріне жоғары баға берілді.

«Үздік библиограф-2026» байқауы кітапхана саласындағы мамандардың кәсіби әлеуетін танытып, тәжірибе алмасуына және шығармашылық ізденістерін дамытуына мүмкіндік берген мазмұнды кәсіби алаң болды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1302596?lang=kk