Таза Қазақстан

Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан» – тазалық пен тәртіпке ортақ жауапкершілік
Ел аумағында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауылдық округ аумағында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шара барысында көшелер, қоғамдық орындар мен елді мекен аумақтары тазартылып, қоқыстар жиналып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркейту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.
«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Тазалық – баршаға ортақ. Әр тұрғын өз ауласы мен қоғамдық орындардың тазалығына жауапкершілікпен қарап, туған жеріміздің көркеюіне өз үлесін қоса алады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-amangeldi/press/news/details/1302595?lang=kk