Құрметті аға буын өкілдері!
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – өмір жолы мол, бай тәжірибе жинақтаған, игі істерімен елге үлгі болған жандарға деген зор алғысымызды білдіретін ерекше күн.
Сіздерге зор денсаулық, жан жылуын, амандық пен тыныштық тілеймін. Әрдайым жандарыңыздан туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыз табылып, сіздерді қамқорлыққа, көңіл бөлуге және сүйіспеншілікке бөлесін.
Әр күніңіз қуанышқа, құрметке және жақсы кездесулерге толы болсын!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.
Сандықтау ауданы әкімінің Халықаралық қарттар күнімен құттықтауы
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1302487?lang=kk