тұрмыстық зорлық-зомбылық

тұрмыстық зорлық-зомбылық

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында №25 мектепте 8–9 сынып оқушыларына тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді.

Дәріс барысында оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның белгілері, алдын алу жолдары, сондай-ақ осындай жағдайға тап болған кезде қайда жүгінуге болатыны туралы ақпарат берілді.

Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Оқушылардың қауіпсіздігіне, өзара құрмет пен көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1302354?lang=kk