Абай облысында полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығы пысықталуда

Абай облысында полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығы пысықталуда


Қазіргі уақытта Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері арасында кәсіби-қызметтік және дене даярлығы бойынша қорытынды сынақтар өткізілуде.

Сынақ барысында қызметкерлердің дене және атыс даярлығы, нормативтік-құқықтық актілер мен қолданыстағы заңнаманы білуі, сондай-ақ жауынгерлік күрес тәсілдерін меңгеру деңгейі бағаланады.

Қорытынды сынақтардың басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттырып, кез келген қызметтік жағдайда жедел әрі сауатты әрекет етуге дайындығын қамтамасыз ету.

Жоғары кәсіби дайындық – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және азаматтарға сапалы қызмет көрсетудің маңызды негізі.

Заң мен тәртіп – басты қағидатымыз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1302303?lang=kk