Абай облысында 300 бірінші сынып оқушысы жас жаяу жүргінші атанды

Абай облысында 300 бірінші сынып оқушысы жас жаяу жүргінші атанды

Бүгін Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері №40 мектептің жас инспекторлар жасағымен бірлесіп, Семей қаласындағы №51 мектепте 300 бірінші сынып оқушысын жас жаяу жүргінші ретінде салтанатты түрде қабылдады.

Іс-шара интерактивті форматта өтті. Балалар түрлі байқаулар мен викториналарға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді және жас инспекторлармен бірге жолдағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерін қайталады. Бірінші сынып оқушылары бағдарламаға үлкен қызығушылықпен қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын әсер алды.

Полиция қызметкерлері оқушыларға қарапайым, бірақ маңызды ережелерді еске салды: жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өту, бағдаршам сигналдарын сақтау және жол бөлігінде әрдайым мұқият болу қажет.

Мұндай іс-шаралар Абай облысы Полиция департаментінің жол қауіпсіздігін насихаттау және балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Өйткені бала кезден қалыптасқан білім мен дағдылар өмір бойы жолда жауапты әрі қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізін қалыптастыруға ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1302300?lang=kk