2026 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
Шымкент қаласы прокуратурасының 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №2-40-26-11143 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуын қарау;
Білім беру ұйымдарының аумағындағы қараусыз қалған және қаңғыбас жануарлармен жұмысты күшейту;
Балаларды кибербуллинг пен киберқылмыстан қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар;
Кәмелетке толмағандардың отбасында тұру және тәрбиелену құқықтарын іске асыруға жәрдем көрсету шаралары.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шымкент қаласының прокуратурасы, білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері баяндама жасады.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттік органдардың бірлескен және жүйелі жұмысының маңызды бағыты.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1302168?lang=kk