Құтқарушылар – балалар көзімен» сурет салу байқауы өткізілді

Құтқарушылар – балалар көзімен» сурет салу байқауы өткізілді

«Жас құтқарушы» қозғалысын дамыту мақсатында Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде «Құтқарушылар – балалар көзімен» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді.

Байқауға Асқар Забикулин атындағы сынып оқушылары қатысып, өз шығармашылықтары арқылы құтқарушылардың еңбегін, қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыптарын бейнеледі.

Іс-шара барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен қауіпсіздік мәселелеріне деген қызығушылығы арттырылып, құтқарушы мамандығының маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және «Жас құтқарушы» қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1302108?lang=kk