Жаңаөзенде мопед жүргізушілері тексерілді

Жаңаөзенде мопед жүргізушілері тексерілді

Жаңаөзен қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері мопед жүргізушілеріне қатысты профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында мопед жүргізушілерінің құжаттары, көлік құралдарының техникалық жағдайы және жол қозғалысы ережелерін сақтау талаптары тексерілді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жол белгілерінің талаптарын орындау, қауіпсіздік дулығасын пайдалану және қауіпті маневрлерге жол бермеу қажеттігін түсіндірді.

Мопед жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау ескертілді.

Профилактикалық іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жалғасады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1302065?lang=kk