Ірі кәсіпорындардың эмиссиялары үздіксіз бақыланады

Ірі кәсіпорындардың эмиссиялары үздіксіз бақыланады
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнату арқылы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың эмиссияларына үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. Ведомство мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату және оның деректерін «Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесіне беру бойынша жұмыстар жүргізуде. Экологиялық кодекстің 184-бабының 3-тармағына сәйкес, I санаттағы объектілердің операторлары өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде негізгі стационарлық эмиссия көздеріне МАЖ орнатуға міндетті және МАЖ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен автоматтандырылған мониторингті жүргізу тәртібіне және Экологиялық кодекстің 186-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес орнатылады. Бұны ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ брифингінде хабарлады.
 
 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-michurin/press/news/details/1302024?lang=kk