КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімі С. Займолдин Шығанақ Берсиевтің 145 жылдығын атап өтуге арналған комиссияның алғашқы отырысын өткізді.

🔸️Жиында мерейтойды жоғары деңгейде ұйымдастырып, мазмұнды әрі тағылымды өткізу мәселелері жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, мерейтой аясында өткізілетін мәдени, рухани-танымдық, ғылыми-ағартушылық және қоғамдық іс-шаралардың бағыттары талқыланды.

🔹️Комиссия мүшелері алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстардың жоспарын қарап, әрбір іс-шараның мазмұны мен ұйымдастырылу барысына қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Мерейтойды аудан көлемінде кеңінен насихаттап, дәріптеуге ерекше мән беру қажеттігі айтылды.

🔸️Отырыс қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстарды сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1302001?lang=kk