Алматы облысында «Аялы алақан» қайырымдылық акциясы өтті

Алматы облысында «Аялы алақан» қайырымдылық акциясы өтті

«Игі істер марафоны» және «Мейірімділік апталығы» жобалары аясында Алматы облысында «Аялы алақан» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балаларға қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойыншықтар жиынтығы табысталды. Сондай-ақ олар үшін көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мейірімге толы кездесу ұйымдастырылды.

Акция балаларға қолдау көрсетуге, қоғамда жанашырлық қасиетін арттыруға және қамқорлықты дәріптеуге бағытталған.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1301923?lang=kk