Мейіржан Шермаханбет жазғы Азия ойындарындағы екінші жүлдесіне қол жеткізді

ХХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен алғашқы жарыс күнінің жүлдегерлері анықталып жатыр.

Мейіржан Шермаханбет (-67 кг) қола медаль үшін белдесуде моңғолиялық қарсыласы Намсрай Батбаярды мерзімінен бұрын жықты. Есеп: 11-0.

Айта кетейік, Мейіржан үшін бұл жазғы Азиададағы екінші медаль. Отандасымыз 2023 жылы Ханчжоу бәсекесінде күміс жүлдеге ие болған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm;sport/press/news/details/1301878?lang=kk