Қазақстан мен Германия ЖИ саласындағы жобалар бойынша келісімдерге қол жеткізді

Қазақстан мен Германия ЖИ саласындағы жобалар бойынша келісімдерге қол жеткізді

 

Мемлекет басшысының Германияға ресмисапары аясында ҚР Жасанды интеллект жәнецифрлық даму министрлігінің делегациясынеміс компаниялары мен ұйымдарыныңөкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Кездесулер қорытындысы бойынша ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин цифрландыру, жасанды интеллект, телекоммуникациялар, ғылыми зерттеулержәне стартаптарды дамыту салаларындағыынтымақтастық туралы бірқатар меморандумғақол қойды.

Меморандумдардың бірі ҚР Жасандыинтеллект және цифрлық даму министрлігі мен Siemens AG арасында жасалды. Тараптарцифрлық трансформация саласындағыынтымақтастықты, оның ішінде Siemens Xcelerator платформасының өнімдері мен өнеркәсіптік жасанды интеллект саласындағышешімдерді пайдалана отырып дамытуғауағдаласты.

Министрлік Nextcloud GmbH компаниясымен цифрлық егемендік және ашықбағдарламалық қамтамасыз ету саласындағыынтымақтастық туралы уағдаласты. Nextcloudшешімдері Германияның мемлекеттік басқаружүйесінде қолданылады. Министрлік бұлтәжірибені мемлекеттік органдарды ашықбағдарламалық қамтамасыз етуге көшірумәселесін пысықтау барысында зерделеудіжоспарлап отыр.

Стартаптарды дамыту саласындағыынтымақтастықты Astana Hub және ConstructorStart дамытатын болады. Тараптаракселерациялық тәжірибелермен алмасуғажәне қазақстандық стартаптарға, оның ішіндеЕуропа нарығына шығуға бағытталғанбірлескен бағдарламаларды пысықтауғауағдаласты.

Қазақстанда халықаралық көрме жәнеіскерлік қызметті дамыту, ірі іс-шаралардытарту, іскерлік туризмді дамыту жәнетехнологиялар трансферін ілгерілетумақсатында Министрлік Messe Frankfurt GmbH компаниясымен меморандумға қол қойды.

ҚР Жасанды интеллект және цифрлықдаму министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білімминистрлігі және Fraunhofer IPK арасындамеморандумға қол қойылды. Тараптарөнеркәсіптік ЖИ, қолданбалы зерттеулер жәнетехнологиялар трансфері салаларындаынтымақтасатын болады. Негізгі бағыттардыңқатарында цифрлық өндіріс, автоматтандыру, Industry 4.0 және Alem.AI базасында бірлескенR&D жобаларын іске асыру бар.

«Германия - Қазақстанның негізгітехнологиялық серіктестерінің бірі. Бүгіндебіз ЖИ, өнеркәсіпті цифрландыру, ғылымизерттеулер және стартаптарды дамытусалаларында бірлескен жұмыстың үлкенәлеуетін көріп отырмыз. Қол қойылғанкелісімдер нақты бірлескен жобаларғакөшуге, тәжірибе және технологияларменалмасуға, сондай-ақ Қазақстан мен Германияның технологиялық компанияларыүшін жаңа өсу мүмкіндіктерінқалыптастыруға жол ашады», - деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Германия бизнес-форумында атап өткендей, Қазақстанжасанды интеллект пен цифрлықтрансформацияны ұлттық басымдықтарретінде айқындады. Германия, өз кезегінде, өнеркәсіптік бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматтандыру, киберқауіпсіздік, инженерия және қолданбалы зерттеулер салаларындажоғары құзыреттерге ие.

Қол қойылған құжаттар екі ел арасындағытехнологиялық ынтымақтастықтың негізгібағыттарын қамтиды және бірлескенжобаларды іске асыруға негіз қалайды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1301790?lang=kk