✍ Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (есепке жатқызуға жатпайтын салықтар мен бюджетке төленетін төлемді қоспағанда) және өсімпұлдың төленген және (немесе) артық төленген сомасын есепке жатқызуды салық органы ұлттық валютада:
🔸 салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз;
🔸 салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
♻ Салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз мынадай реттілікпен:
🔸 артық төленген сома түзілген және төлеу мерзімі басталған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын төлеу;
🔸 артық төленген сома түзілген салық, бюджетке төленетін төлем түрі бойынша;
🔸 салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу;
🔸 осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген реттілікпен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша өсімпұлды өтеу;
🔸 осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген реттілікпен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша айыппұлды өтеу есебіне жүргізіледі.
Артық (қате) төленген сомаларды есепке алу және қайтару тәртібі
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1301262?lang=kk