2026 жылғы 26 қыркүйекте Чистопол округінің тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, онда қажетті мал азығы өнімдері: пішен, сабан және астық қалдықтары ұсынылды.
Мұндай жәрмеңкелерді өткізу тұрғындарға ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөпті уақтылы сатып алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға ықпал етеді.
Белсенділік танытып, өнім ұсынғаны үшін «Атамекен-Агро-Целинный» ЖШС, «Ақселеу» ЖШС, «СП Гаршино» ЖШС, «Адани Агро» ЖШС, «АФ Приишимский» ЖШС және «Нива 2016» ЖШС-не алғыс білдіреміз.