Аудандық мәслихаттың Білім және спорт, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі 2026 жылға арналған тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда "Қордай ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті "КММ қызметі мен атқарған жұмысы туралы" мәселе қаралды. Отырыс комиссияның ағымдағы жылдың 3 тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді, депутаттар Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы Әсия Асыққызы Валиеваның баяндамасын тыңдады.
Мәселені талқылау барысында Қордай ауданының білім бөлімінің басшысы Г. Б. Әлімжановқа бірнеше ұсыныстар берілді.
Мәслихаттың осы комиссиясы бақылауға алған қаулы қабылданды.