Арнайы жүріп-тұру және техникалық көмекші құралдары

Арнайы жүріп-тұру және техникалық көмекші құралдары

Арнайы жүріп-тұру құралдары — қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдардың күнделікті өмірде қауіпсіз және мүмкіндігінше өздігінен қозғалуына арналған техникалық құралдар.

Оларға бөлмелік және серуендеуге арналған , әмбебап , электроприводты, көпфункциялы кресло-арбалар және каталка арба жатады.

Көрсетілімдері: жүру функциясының айқын бұзылуы, аяқ-қолдардың парезі немесе параличі, тепе-теңдік пен қозғалыс координациясының ауыр бұзылыстары.

Қарсы көрсетілімдері: адамның функционалдық жағдайына сәйкес келмеуі, құралды қауіпсіз пайдалану мүмкіндігінің болмауы.

Арнайы жүріп-тұру құралын таңдау адамның денсаулық жағдайына, қозғалу қабілетіне және жеке қажеттілігіне қарай жүргізіледі және ол абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына енгізіледі.


Арнаулы жүріп-тұру құралдарының түрлері:

* Бөлмелік кресло-арба – үй ішінде пайдалануға арналған.
* Серуендеуге арналған кресло-арба – сыртта, көшеде жүріп-тұруға арналған.
* Белсенді типтегі кресло-арба – адамның өздігінен қозғалу белсенділігін арттыруға арналған.
* Электр жетекті кресло-арба – қол күші жеткіліксіз болған жағдайда қозғалысты электр жетегі арқылы қамтамасыз етеді.
* Көпфункционалды кресло-арба – дене қалпын ұстау және қосымша функцияларды қамтамасыз етеді.
* Сырғытқы арба – қозғалысы өте шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған.

Құралдың нақты түрі адамның қозғалу қабілетіне және медициналық-әлеуметтік көрсетілімдеріне сәйкес жеке таңдалады.

Сонымен қатар, таяқ, балдақ және жүріс арбасы (ходунок) — кресло-арбалардан бөлек техникалық көмекші құралдар санатына жатад

 
 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1300956?lang=kk