Ашық есік күні: қызмет алушылармен ашық диалог

Ашық есік күні: қызмет алушылармен ашық диалог

Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті ұйымдастырған Ашық есік күні аясында МӘС әдіснамасы және бақылау бөлімінің басшысы Қ.К. Исмаилов және №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы В.С. Меллешов 2026 ж. 28.09. қызмет алушыларды қабылдауға қатысты.

Іс-шара барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша түсіндірмелер беріліп, қызықтырған сұрақтарына жауаптар ұсынылды және қажетті консультациялық көмек көрсетілді.

ұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін және азаматтардың ақпараттандырылуын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық пен клиентке бағдарлану қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1300898?lang=kk