ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс LVІІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

                        Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

      1.    «Индер аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.

      2. «Индер аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №62-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    Хабарламашы: Қабиева Гүлшара Мақажанқызы – Индер аудандық мәслихат аппаратының басшысы

    3.       Басқа да мәселелер.

                                 Индер аудандық мәслихатының аппараты

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1300894?lang=kk