🔹Аудан әкімі ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларын қабылдады

🔹Аудан әкімі ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларын қабылдады


Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов ауылдық округ әкімдері мен ауданның құрылымдық бөлім басшыларын қабылдады.
 
Қабылдау барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендердегі өзекті мәселелер және алдағы атқарылатын жұмыстар талқыланды.
 
Аудан әкімі жауапты басшыларды өзара үйлесімді әрі бірлесе жұмыс атқарып, ауданның әлеуетін одан әрі арттыруға, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарды сапалы жүргізуге шақырды.
 
Сонымен қатар, бірқатар маңызды мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау тапсырылды. 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1300643?lang=kk