Қарақияда ата-аналарға қауіп төнген жағдайда көмекке жүгіну жолдары түсіндірілді

Қарақияда ата-аналарға қауіп төнген жағдайда көмекке жүгіну жолдары түсіндірілді

Қарақия ауданында 23-25 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан «Қауіпсіздік коды: 102-111-150» республикалық профилактикалық акциясы аясында білім беру ұйымдарында ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Кездесулердің негізгі тақырыбы – «Қауіп төнген жағдайда көмекке жүгіну жолдары».

Іс-шара барысында ата-аналарға отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ өздеріне немесе балаларына қауіп төнген жағдайда қандай қызметтерге және қалай жүгіну керектігі түсіндірілді.

Қатысушыларға зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде анықтау, қауіпсіздік шараларын сақтау, құқықтық және психологиялық көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар ата-аналарға шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері түсіндіріліп, тақырыптық ақпараттық брошюралар таратылды.

102 – полицияның жедел нөмірі;
111 – отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы;
150 – сенім телефоны.

Полиция азаматтарды қауіп төнген жағдайда үнсіз қалмай, дер кезінде көмекке жүгінуге шақырады.

Қауіпсіздік – әр отбасының ортақ жауапкершілігі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1300426?lang=kk