Жаңаөзенде «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жаңаөзенде «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жаңаөзен қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пәтер ұрлығының алдын алу мақсатында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, азаматтарға мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға:

🔹 пәтердің есігін ашық қалдырмауға;
🔹 кілтті бөгде адамдарға бермеуге;
🔹 ұзақ уақытқа үйден кеткен жағдайда қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауға;
🔹 бейтаныс және күдікті адамдарға қатысты қырағылық танытуға кеңес береді.

Полиция күмәнді жағдай немесе құқық бұзушылық белгілері байқалған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

Қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігінен басталады!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1300416?lang=kk