ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК!

ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК!

Жанама ауылдық округінде NEET санатындағы жастарды қолдау және оларды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық акция өткізілді.

Іс-шара барысында жастарға еңбек нарығына араласуға, кәсіби білім алуға және кәсіп бастауға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.

Атап айтқанда, жастарға:

  • «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері;
  • 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие арқылы жеке кәсіп бастау жолдары;
  • сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін кәсіптік оқудан өту мүмкіндіктері таныстырылды.

Мемлекеттік бағдарламалар – жастардың жұмыспен қамтылуына, кәсіби біліктілігін арттыруына және өз кәсібін бастауына нақты мүмкіндік береді.

Жастарды берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, өз болашағына сеніммен қадам жасауға шақырамыз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1300395?lang=kk