Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық комиссия жұмысы аясында Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінде көшпелі отырыс өткізілді.
Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың, интернет-алаяқтықтың, дропперліктің, буллинг пен бопсалаудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында жастар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз ортаны қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Басты мақсат – жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру.
«Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік»
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-politika/press/news/details/1300329?lang=kk