«Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік» тақырыбында көшпелі отырыс өтті

«Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік» тақырыбында көшпелі отырыс өтті

Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық комиссия жұмысы аясында Екібастұз қаласының медициналық колледжінде көшпелі отырыс өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты күшейту.
Отырыста жастар арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар есірткі құралдарын қолдану мен таратудың алдын алу, жастардың есірткі заттарын таратуға байланысты заңсыз қызметке тартылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында интернет-алаяқтық, дропперлік, буллинг және бопсалаудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттілігі де айтылды.
Қатысушылар жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар, ата-аналар және қоғамның бірлескен жауапкершілігі екенін атап өтті.
Кездесу соңында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша алдағы бірлескен жұмыс бағыттары талқыланды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-politika/press/news/details/1300325?lang=kk