Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Логос» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен студент жастармен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау және ата-анаға деген құрметті қалыптастыру.
Іс-шараға Екібастұз қалалық мешітінің наиб имамы Кусаинов Төлеген Мұратұлы қатысып, жастармен отбасылық құндылықтар, қазақ халқының салт-дәстүрлері және ата-ананы құрметтеу тақырыптарында әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында жастарға отбасы институтының маңызы, ұлттық тәрбиенің ерекшеліктері және үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу сынды құндылықтардың қоғамдағы орны туралы кеңінен айтылды.
Іс-шара соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Кездесу жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Студент жастармен отбасылық құндылықтар тақырыбында кездесу өтті
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-politika/press/news/details/1300319?lang=kk