Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі

Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі

🔰Сіз мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері үшін мемлекеттік баж төледіңіз, бірақ нөмірлерді алған жоқсыз. Мұндай жағдайда төленген соманы қайтаруға болады.

‼️Не істеу керек?

1-қадам. Мемлекеттік баж төленген мемлекеттік органнан (мысалы, Полиция департаментінен) мемлекеттік қызметтің көрсетілмегені туралы растау құжатын алыңыз.

2-қадам. Қайтаруға арналған салықтық өтінішті келесі тәсілдердің бірімен беріңіз:
• «СТК» веб-қосымшасы арқылы;
• eGov.kz порталы арқылы;
• қағаз түрінде ЦОН арқылы.

3-қадам. Растаушы құжатты қоса тіркеңіз.
4-қадам. Қаражатты қайтаруға арналған банк шотының деректемелерін көрсетіңіз.
5-қадам. Өтінішке ЭЦҚ-мен қол қойып, оны мемлекеттік баж төленген жердегі МКО жолдаңыз.

Растау құжатын қандай органдар береді?

• сот органдары;
• ішкі істер органдары;
• әділет органдары;
• сыртқы істер органдары;
• жергілікті атқарушы органдар.

❗ Маңызды: мемлекеттік бажды қайтару МКО салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.

⚠️ e-Otinish платформасы арқылы бұл қызмет көрсетілмейді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1300316?lang=kk