АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Жиында қаланың бағалау жүйесі индикаторларының 2026 жылдың 8 айындағы орындалуы қаралды. Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильхам Азизбаев негізгі көрсеткіштердің орындалу барысы бойынша баяндады.
Келесі мәселе бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің міндетін атқарушы Айдар Ербаев 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысын баяндады. Жылу желілерін жаңғырту, жөндеу және қысыммен тексеру жұмыстары, көмір қоры, әлеуметтік нысандардың дайындығы, сондай-ақ қала мен ауылдардағы қысқы маусымға дайындық мәселелеріне тоқталды.
Қала әкімі Жандос Тасов жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды, әлеуметтік нысандарды қажетті отын қорымен қамтамасыз етуді, жылу желілеріндегі жұмыстардың сапасын бақылауды және арнайы техникалардың дайындығын пысықтауды тапсырды.
Сонымен қатар, орындалмау қаупі бар индикаторлар бойынша жауапты бөлім басшыларына жұмысты күшейтіп, жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Жиын соңында қала әкімі «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, қала аумағындағы тазалық пен абаттандыру шараларын күшейтуді тапсырды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1300309?lang=kk