Мұндай әрекеттер мүлікке зиян келтіріп, көшелер мен қоғамдық орындардың сыртқы көрінісін бұзады. Азаматтарды қоршаған ортаға және өзгенің мүлкіне құрметпен қарауға, ал ата-аналарды балаларымен және жасөспірімдермен осындай құқық бұзушылықтардың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз.
Абай облысы Полиция департаменті өңір тұрғындарына ғимараттарға, құрылыстарға, инфрақұрылым нысандарына және басқа да қоғамдық орындарға рұқсатсыз граффити, түрлі жазбалар мен суреттер салу вандализм ретінде қарастырылып, заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1300307?lang=kk