КЕНТАУДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕНТАУДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
КЕНТАУДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен жасалған қылмыстардың алдын алу, көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне-өзі қол салу, ерте жүктілік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдын алу шаралары туралы мәлімет берді.
Отырыс қорытындысында қала әкімі Жандос Тасов жауапты мекемелерге құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту және тиісті шараларды жүйелі түрде жүргізу жөнінде тапсырмалар берді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1300276?lang=kk