Өңірдің бизнес-қауымдастығымен кездесу өтті

Өңірдің бизнес-қауымдастығымен кездесу өтті

Департамент басшысының орынбасары Болат Досымов «Бірыңғай есеп беру күні» шарасында бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы кездесуге қатысып, облыс кәсіпорындарындағы еңбек заңнамасының сақталуы бойынша есеп берді.

2026 жылдың 8 айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүргізілген 264 тексеру нәтижесімен 391 бұзушылық анықталып,  210 нұсқама берілді.

Оның ішінде, мемлекеттік бақылаумен қамтылған бизнес субъектілерінің 13% - ірі, 18% - орта, 10% - кіші және 15% - микрокәсіпкерлік нысандары болып табылады.

«Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау — кез келген бизнестің тұрақтылығы мен оның әлеуметтік жауапкершілігінің іргетасы болып табылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1300059?lang=kk