Тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

Тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында нысандардың қызметкерлеріне өрттің алдын алу шаралары, электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын ашық ұстау, сондай-ақ өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1299905?lang=kk