Кездесу барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтан бас тартудың негізгі қағидаттары, оның қоғам мен мемлекет үшін жағымсыз салдары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік пен жаза туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне адалдықты, әділдікті және төзбеушілікті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Учаскелік полиция инспекторы мектеп оқушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1299890?lang=kk