23.09.2026 ж. Нұраталды ауылдық округінде ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындарға түрлі бағыттар бойынша тегін құқықтық консультациялар беріліп, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптары, нотариаттық қызметтер және атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Қарағанды облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Ғ.С. Әдібаев, Шет ауданының жеке нотариусы Е.Д. Закирбеков және Қарағанды облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Е.Е. Әуесбаев қатысып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында азаматтарға құқықтарын заң аясында қорғау жолдары, құқықтық мәселелердің алдын алу, нотариаттық рәсімдер және атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі жөнінде нақты ақпараттар ұсынылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – «Заң және тәртіп» жобасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында кездесу өтті.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-nurataldy/press/news/details/1299715?lang=kk