КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

Қала әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Тұран ауданы әкімшілігінің мамандары мен Полиция басқармасының инспекторлары бірлесіп, Жаңаталап тұрғын алабында түнгі рейд жүргізді.

Рейд барысында кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүруіне жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара барысында жасөспірімдерге қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, ата-аналар мен заңды өкілдерге кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеу жөнінде ескертілді.

Мұндай профилактикалық шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1299702?lang=kk